Атырау, 26 қараша 19:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тегерандағы ұшақ апатының үшінші себебі айтылды

2 234 просмотра


Тегерандағы "Украина халықаралық авиалиниялары" жолаушылар ұшағы оқиғасының тағы бір себебі айтылды. "Тегерандағы жолаушылар лайнері апатына қозғалтқыштың өртенуі себеп болды", - деп хабарлады РИА Новости басылымына әуежайдың ресми өкілі.

Еске салсақ, бұған дейін әуе кемесі құлауының екі себебі аталған болатын. Олар: әуежайдағы техникалық ақаулар және ирандық әскерилердің кездейсоқ зымыран соққысы.

Тегеран – Киев ұшағының апаты

Сегізінші қаңтар күні Украина жолаушылар лайнері Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайы маңында құлады.

PS752 рейсі таңертең ерте Тегераннан Киевке қарай жолға шыққан. Бірақ екі минуттан соң ешбір дерек болмай қалған.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, бортта 179 адам болған, оның тоғызы - экипаж мүшесі. Ұшақ апатынан барлығы көз жұмды.

Украина сыртқы істер министрлігі Boeing 737 жолаушылар лайнерінің Тегеран әуежайы маңында құлағанын растады.

Украина президенті Владимир Зеленский жергілікті билік болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр деп мәлімдеді. Ол қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Дереккөз: Sputniknews.kz

8 қаңтар 2020, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.