Украинаның сыртқы істер министрлігі Тегеран әуежайы маңында Boeing 737 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағанын растады.
Бұл туралы ведомствоның консулдық қызмет департаменті әуе компаниясының алдын-ала мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.
"Ұшақ жолаушылары мен экипажы Тегеран әуежайына жақын маңдағы апаттан көз жұмды", - делінген хабарламада.
Тегеранда украиналық лайнер құлады
8 қаңтарда таңертең Тегеран әуежайының маңында кемінде 170 жолаушы мінген украин лайнері құлады.
БАҚ-тың мәліметінше, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің бәрі көз жұмған.
Апатқа Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайының "техникалық проблемалары" себеп болған.
Тағы бір болжам бойынша, ұшақты байқаусызда Иран зымыраны атып түсіруі мүмкін.
Дереккөз: Sputniknews.kz