Атырау, 26 қараша 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Апатқа ұшыраған украиналық лайнердің жолаушылары түгел қаза тапты

2 153 просмотра


Иранда апатқа ұшыраған украиналық лайнердің бортында болған барлық адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.  

Ұшақ "Украина халықаралық әуе жолдары" әуекомпаниясына тиесілі. Иранның шұғыл медициналық көмек көрсету қызметінің басшысы Пирхоссейн Куливанд Куливанд IRINN мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында апат болған аймаққа жедел жәрдем бригадалары жіберілгенін, алайда олар зардап шеккендерге жақындай алмағанын, өйткені онда ұшақ бөлшектері жанып жатқанын хабарлаған. Иранның IRNA жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, ұшақ бортында 170 жолаушы болған. Бұл туралы Иранның құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Моджтаба Кхалед хабарлады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

8 қаңтар 2020, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.