Атырау, 26 желтоқсан 13:48
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Кәсіпкерлердің құқығын бұзған шенеуніктерді жауапқа тарту керек - "Атамекен" төрағасы

1 980 просмотра

«Кәсіпкерлерді негізсіз тексеру арқылы олардың құқығын бұзатын шенеуніктерді жауапқа тартатын заң нормасын енгізу қажет». Бүгін кәсіпкерлік мәселелері бойынша бас прокуратурда өткен бейнеконференцияда «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Біз заңды бұзған шенеуніктерді жауапқа тарту ұсынысын жасағымыз келеді. Әрине, кәсіпкерлер бас прокуратура, сот арқылы өз құқығын қорғай алады. Осылайша өз құқығын қорғаған кәсіпкер, заңды бұзған мемлекеттік қызметшілерді жауапқа тарту үшін тиісті шараларды қолға алмай жатады. Сондықтан заңды белінен басқан шененіктерді жауапқа тартуға мүмкіндік беретін заң нормасының болғанын қалаймыз» , - деді Мырзахметов.

Кәсіпкерлер азаматтық іс-жүргізу кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынып отыр. Бұл жемқорлықпен күрестегі көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деген сенімде бизнесмендер. Өйткені, әр шенеунік егер оның заңсыз әрекеті сотта дәлелденсе, міндетті түрде жауапқа тартылатынын білетін болады.

Айта кетейік, «Атамекен» жанынан бір жылдан бері кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Осы кеңеске кәсіпкерлерден төрт жүзден астам шағым түскен. Олардың дені мемлекеттік органдардың толассыз негізсіз тексеруіне байланысты екен. Сондықтан шенеуніктерді жауапқа тартатын заң нормасын қабылдау осындай заңбұзушылықтардың жолын кеседі деген сенімде қоғамдық кеңес мүшелері.

Дереккөз: bnews.kz

9 қараша 2012, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.