Малайзия үкіметі тұрмысы нашар тұрғындарға көмек берудің жаңа жолын ойлап тапты. Енді жұмыссыз жүрген баспаналары жоқ тұрғындарға арнайы ауылдар салынады.
Бұл үшін үкімет әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алатын ірі жекеменшік компанияларды қоғам жұмысына тартуды көздеп отыр. Салынатын үйлерге бетон мен ағаштың қажеті болмайды екен. Бұған қоса халыққа жылыжайлар да салынатын болады. Онда адамдар қажетті жеміс пен көкөністерін өсіре алады. Жоспар бойынша алғашқы ауыл осы жылдың соңына дейін салынып тапсырылуы керек.
Дереккөз: 24.kz