Атырау, 26 қараша 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Польша Еуроодақ құрамынан шықпақ

2 523 просмотра


Сот жүйесіндегі реформада мәселе туындаған Польша Еуроодақ құрамынан шығуы мүмкін. Бұл туралы одақ кеңесінің басшысы Дональд Туск хабарлады. 

Мәліметтер бойынша, Варшава Брюссельдің келісімінсіз сот жүйесіндегі реформаларға соңғы екі жылда 13 рет өзгеріс енгізген. Соңғы рет Варшава сот заңына түзетулерді 1 апта бұрын енгізді. Еуропалық саясаттанушылардың пікірінше, бұл Брюссельмен арадағы қатынастың шиеленісуіне әкелуі мүмкін. 

Саясаттанушы Максим Андрошенко: «Польшаға экономика тұрғысынан да саяси тұрғыдан да одақта болу тиімді. Интеграциялық процесстер ұзақ уақыт жүргізілді. Сондықтан мемлкет одақтан сот реформасы үшін шығып кете қоймас. Жергілікті билік бір шешімін табады деген ойдамын», – дейді. 

Қанша дегенмен, Польша Еуропалық одақ құрамында болу арқылы ел экономикасына пайда түсіріп отырғанын ескерсек, ресми Варшава бұл мәселені реттеуге ден қоюы тиіс. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

30 желтоқсан 2019, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.