Атырау, 26 қараша 20:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​ Украина қазақстандық әуе компаниясына айыппұл салған

2 673 просмотра


Қазақстандық Euro-Asia Air әуе компаниясы Қырым түбегі арқылы ұшқаны үшін Украинаға айыппұл төлеген. Бұл туралы Украина мемлекеттік әуе қызметіне сілтеме жасаған қорғаныс министрлігінің АрмияINFORM агенттігі хабарлады.

Euro-Asia Air – Украина айыппұл салған алғашқы әуе компаниясы.

Украина мемлекеттік әуе қызметінің дерегінше, биыл тамызда Euro-Asia Air әуе компаниясы Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінен ұшып, Киев салған тыйымды бұзған.

Қарашада Украина мемлекеттік әуе қызметі Euro-Asia Air компаниясына 136 мың гривен (5700$) айыппұл салған. Украина тарабы қазақстандық әуе компаниясы бұл айыппұлды төлегенін де хабарлады.

Euro-Asia Air компаниясы бұл жайт жайлы ешқандай мәлімдеме жасамады.

Халықаралық азаматтық авиация қауымдастығы Қырым әуесі Украинаға тиесілі деп санайды. Халықаралық әуе компаниялары Қырым арқылы ұшпайды. Бірақ Ресей ұшақтары Қырым арқылы ұшып жүр.

Дереккөз: Азаттық радиосы


29 желтоқсан 2019, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.