Сомали астанасы Могадишо қаласында жарылғыш зат қойлыған көлік жарылды. Осыған дейін, жергілікті Dalsan радиостанция оқиға салдарынан 50 адам қаза тапқанын хабарлады.
Ал Парламент мүшесі Әбдіразақ Мохамедтің айтуынша, қаза тапқандар саны 90-ға жеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Жарылыс салдарынан 90 адам қаза тапқаны, оның ішінде 17 полицей және 73 ел азаматы және 4 шетел азаматы болғаны туралы хабар жеткізді", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.
PHOTO of the shell of what is believed to be a college bus that was carrying Banaadir University students. Mayor Omar Filish confirmed that the varsity students were among the dead although their number is not clear. pic.twitter.com/z76jBMG2HR
— Radio Dalsan (@DalsanFM) December 28, 2019
Әзірге ешқандай террорлық ұйым бұл істі мойнына алған жоқ. Сомалиде радикалды исламшыл "Аш-Шабаб" ("Жас моджахедтер қозғалысы") тобы шоғырланған, олар "Әл-Каида" террорлық ұйымымен тығыз байланыс орнатқан. Олар Сомали орталық үкіметіне қарсы соғысып жатыр және БҰҰ гуманитарлық көмегіне тосқауыл болған. 2008 жылы АҚШ осы ұйымды террорлық қозғалыс ретінде тіркеген.
Дереккөз: Tengrinews.kz