Атырау, 26 қараша 20:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Италиядағы бюджет мәселесінен соң министрлер отставкаға кетуде

2 774 просмотра


Италияның Білім министрі Лоренцо Фиорамонти елдегі білім саласының «құлдырауына» байланысты өз еркімен отставкаға кетті. Бұл туралы Rai News 24 жаңалықтар арнасы хабарлады. 

Телеарна мәліметтері бойынша, білім беру саласы мектептер мен университеттерді қаржыландырудың жетіспеушілігі салдарынан қиындықтарға ұшыраған. Бұған дейін министр Фиорамонти келесі жылға арналған бюджетте аталған мәселені шешу үшін €3 млрд көлемінде қаржы бөлінбесе, қызметтен өз еркімен кететінін ескерткен. 

Осы аптада жаңа бюджет қаралғанмен, аталған сома білім мекемелерін жабдықтап, бағдарламаларды жүзеге асыруға жеткіліксіз. Айта кетейік, соңғы жылдары италияда бюджет жобасына қатысты мәселелер туындап келеді.

Былтыр Рим әлеуметтік бағдарламаларға бөлінетін қаржы көлемін 0,9%-ға ұлғайтпақшы болғанмен, Брюссель жобаны кері қайтарды. Еурокомиссия Италиядан алғаш рет бюджет жобасын толықтыруды талап еткен. Сол себепті Италия коалициясы дағдарысқа ұшырады. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

27 желтоқсан 2019, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.