Джамал Хашукджи Сауд Арабиясы өткен жылдың қазан айында корольдіктің Ыстамбұлдағы консулдығында өлтірілген сауд журналисі Джамал Хашукджидің (Хашогги) тергеуі аяқталғанын жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бес айыпталушы өлім жазасына кесілген, үшеуі - 24 жылға түрмеге қамалды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған "Ас-Сабк" газеті жазған. "Жамал Хашукджиді өлтіру ісін тергеу аяқталды, бес айыпталушы өлім жазасына кесілді, тағы үшеуі 24 жылға түрмеге қамалды, тергеу барысында адам өлтіру алдын ала ниетпен жасалғанын анықталды", - деп атап өтті Бас прокуратура өкілдері.
Ал корольдіктің Ыстамбұлдағы бас консулы ақталып шықты, ол қылмыс жасалған кезде басқа жерде болғанына дәлелдеме берген. Америкалық Washington Post газетінің шолушысы болып жұмыс істеген Джамал Хашукджи 2017 жылдан бастап АҚШ-та тұрып, Сауд Арабиясының Ыстамбұлдағы Бас консулдығының ғимаратына кірген соң 2 қазанда Түркияда жоғалып кеткен. Сауд Арабиясының мемлекеттік БАҚ-тары 20 қазанға қараған түні елдің бас прокуроры Хашукджи өлген деген хабарлама таратты. Сол кезде Ыстамбұл прокуратурасы Хашукджидің өлімі қасақана болғанын, журналистің денесі бөлшектелгенін, бас консулдықта өлтірілген соң жойылғанын мәлімдеген.
2018 жылдың 13 қарашасында түрік арнайы қызметтері өлтіруге тапсырыс берді деп Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мохаммед бин Салманды атаған еді. 17 қарашада АҚШ та осындай қорытындыға келген.
Дереккөз: Tengrinews.kz