Атырау, 26 қараша 21:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ресейде қазақстандықтар отырған автобус апатқа ұшырады

2 634 просмотра


Краснодардан Қазақстанға бағыт алған автобус КамАЗбен соқтығысып, апатқа ұшырады, - деп хабарлайды  "Хабар 24"  телеарнасы.  

Волгоград облысы бойынша Ресейдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қоғамдық көлікте барлығы 56 адам болған. Оның төртеуі қазақстандық, екеуі Тәжікстан азаматы, қалғаны өзбекстандықтар. Автобусты Қазақстан азаматы айдағаны белгілі. Апат салдарынан автобус жүргізушісі және екі қазақстандық әртүрлі жарақат алған. Олар Волгоградтың ауруханаларының біріне жеткізілді.  Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, алған жарақаттар қазақстандықтардың өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Қазақстанның Астрахандағы елшілігі аурухана әкімшілігімен және полиция өкілдерімен байланыста екенін жеткізген. 

Дереккөз: Tengrinews. kz

22 желтоқсан 2019, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.