Атырау, 25 желтоқсан 01:49
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстан туының түсіне боялды

6 507 рет қаралды


Біріккен Араб Әмірлігі қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады. Алғаш рет әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстан туының түсіне боялды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Биіктігі мен қабат саны бойынша әлемде бірінші орын алатын 828 метрлі әйгілі Бурж-Халива ғимараты 16 желтоқсан күні республикамыздың туы түсіне боялды. Жергілікті билік осылайша Қазақстанды Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтады.

Биік ғимараттағы құттықтауды әлеуметтік желідегілер жарыса жариялап жатыр. Бурж-Халифаның суреті Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің Instagram парақшасында да пайда болды.

Бұл тамаша көріністі қазір Дубай қаласында жүрген қазақстандықтар видеоға түсіріп алған. Құттықтау видеолар бірнеше Instagram парақшада жарияланды.

Дереккөз: Nur.kz


17 желтоқсан 2019, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.