Атырау, 26 қараша 21:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Украинада журналист Шереметтің өліміне қатысты 5 адам ұсталды

Бейнежазба
2 676 просмотра


Украинада журналист Павел Шереметтің өліміне қатысты 5 адам ұсталды. Бұл туралы Украина ішкі істер министрлігі мәлімдеді. 


Іске байланысты арнайы конференция өткізген президент Владимимр Зеленский қастандыққа қатысты біраз мәселе анықталғанын айтты. Бірақ журналисті өлтіруді кім бұйырғаны әлі белгісіз. 

Еске сала кетейік, Павел Шеремет 2016 жылдың 20 шілдесінде Киевте көлігіне қойылған бомбаның жарылуынан көз жұмды. Ол журналистік қызметін Беларусьте президент Александр Лукошенконы сынаудан бастаған. Кейін Ресейдің Қырымға қатысты әскери әрекетіне наразылық білдіріп, Украинаға көшіп кеткен еді.

Дереккөз: 24.kz

13 желтоқсан 2019, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.