Атырау, 20 сәуір 21:12
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Жусан" операциясы жалғасады

3 017 просмотра


Сирияда жүрген Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нұр-Сұлтан қаласында брифинг барысында ҰҚК антитеррорлық орталығы ұлттық штабының бірінші орынбасары Сергей Швейкин Сирияда ұрыс алаңы болып жатқан аумақта жүрген еліміздің азаматтарын елге жеткізу жоспары туралы айтты.  

"Гуманитарлық "Жусан" операциясы аясында, өздеріңіз білесіздер, Сириядан 595 азаматымыз жеткізілді, оның ішінде 406 бала бар. Репатриация процесі әлі аяқталған жоқ, сол себепті мәліметтер әлі нақты емес. Халықаралық құқық пен мемлекет кепілдік берген террористік әрекет үшін жазалаудың бұлтартпау қағидатын негізге ала отырып, қылмыстық жауапкершілікке 57 адам тартылды не тартылып жатыр", - деді Сергей Швейкин Нұр-Сұлтандағы брифингте.  

Қазақстанның 40 азаматы террорлық ұйымдарға мүше Осыған дейін, Қазақстанда үш терактінің жолы кесілгені туралы айтылды. Ресми деректер бойынша, терроризм мен діни экстремизмге байланысты қылмыстар үшін 140 адам сотталған. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

12 желтоқсан 2019, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.