Атырау, 26 қараша 21:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Украина Радасындағы төбелес видеоға түсірілді

Бейнежазба
3 276 просмотра


Украинаның Жоғарғы Радасында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды "112 Украина" телеарнасы.  Оқиға аграрлық саясат парламенттік комитетінің отырысынан кейін болды. 

Онда 2020 қазан ауылшаруашылық жерлерді сатылымға шығару бойынша мараториді алып тастау заң жобасы қаралды және шетелдіктердің сатып алуына тыйым салуды 2024 жылға дейін созу талқыланды.  "Слуга народа" атынан шыққан депутат Андрей Богданец пен "Свобода" партиясының бұрынғы депутаттары Игорь Мирошниченко және Эдуард Леоновпен жанжалдасып, төбелескен. Богданец төбелесті бастаған.  

Телеарна жариялаған видеода парламент дәлізінде бір топ адамның "Слуга народа" өкіліне соққы жұмсағанын байқауға болады. Сондай-ақ, куәгерлер депутаттарды ажыратып әлек. Кейбіреулері жанында тұрып, осы оқиғаны телефон камерасына түсірген.  



"Слуга народа" партиясының депутаты оқиға салдарынан ауруханаға түскен, оның миы шайқалған болуы мүмкін. Полиция осы дерекке қатысты тергеу шараларын бастады.

Дереккөз: Tengrinews.kz


12 желтоқсан 2019, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.