Басқа жұмысқа ауысқан Аманжан ТӘКЕШЕВТІҢ орнына Құрманғазы ауданының әкімі болып 1962 жылы дүниеге келген, бұдан бұрын Махамбет ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Серік АРЫСТАНОВ тағайындалды.
Арыстанов Гурьев педагогикалық институтын «физика және математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша және Ақтау қаласындағы «Болашақ» институтын тәмамдап, қаржы бойынша академиялық бакалавр дәрежесіне ие болған.
Мұғалім, мектеп директоры, аудандық білім беру бөлімі кабинетінің меңгерушісі, аудандық туризм және спорт бөлімінің бас маманы, Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының кадрлық бөлімінің бас инспекторы, Құрманғазы аудандық білім беру, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі, Махамбет ауданы (Есбол с.) селолық округінің әкімі қызметтерін атқарған.