Атырау, 9 желтоқсан 01:59
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Парижде митингіге шыққан украиналықтарға белгісіз біреулер жұмыртқа лақтырған

Сурет
3 029 рет қаралды


Парижде митингіге шыққан украиналықтарға белгісіз біреулер жұмыртқа лақтырған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, наразылық шарасына шамамен 150 адам қатысқан. Белсенділер арнайы үнқағаздар көтерген. Митинг ұйымдастырушыларының айтуынша, оларға жұмыртқа лақтырылғанымен, наразылық шарасы тоқтамаған. 


Айта кетейік, бүгін, 9 желтоқсанда Парижде Ресей, Германия, Франция және Украина елдерінің басшыларының қатысуымен Донбасстағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша саммит өтеді. 

Алайда украиналықтар саммиттің өтуіне бірнеше күн қалғанда митинг ұйымдастырған. 8 желтоқсанда Киев орталығында митинг ұйымдастырушылар биліктегілерден Еуропа одағы мен НАТО-ға қатысты мәселе бойынша келісімге келмеуді талап еткен болатын.

Дереккөз: Тengrinews.kz

9 желтоқсан 2019, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.