Атырау, 27 сәуір 10:10
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Пхеньян өкілі: АҚШ-пен ядролық қарусыздану келіссөзін жүргізбейміз

2 687 просмотра


"Солтүстік Корея АҚШ-пен ядролық қарусыздану бойынша келіссөз жүргізбейді" деп мәлімдеді Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы елшісі Ким Сонг мәлімдеді. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

“Бізге АҚШ-пен ұзақ келіссөз жүргізудің қажеті жоқ” деді Сонг.

Пхеньян өкілінің ойынша, АҚШ бұл келіссөзді ішкі саясаты мен сайлау алдында ұпай жинауға пайдаланғысы келеді

Сондай-ақ бүгін, 8 желтоқсанда Пхеньян Сохэ ракета полигонында “өте маңызды сынақ жүргізгендерін” мәлімдеді. CNN телеарнасы спутниктен түсірілген суреттерді негізге ала отырып, Солтүстік Корея Сохэ полигонында зымырандарды сынауды қайта қолға алу үшін дайындық жүргізгенін хабарлады.

2018 жылдың маусымынан бері АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын үш рет кездесіп, Солтүстік Кореяны ядролық қарусыздандыру мәселесін талқылаған. Бірақ кездесулерден нәтиже шықпады.

Биылғы мамырдан бері Пхеньян кем дегенде 13 рет ракета сынаған.

Дереккөз:Азаттық радиосы



8 желтоқсан 2019, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.