Атырау, 26 желтоқсан 12:51
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Англияның Апелляциялық соты Әбілязовты қамауға алу туралы шешімін өз күшінде қалдырды

2 086 просмотра
АЛМАТЫ. 6 қараша. ҚазАқпарат - БТА Банкінің Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязов бүгін Англияның Жоғарғы сотының 2 негізгі шешімі бойынша  жеңіліс тапты.

Бірінші шешімге сәйкес Әбілязов Сотқа құрметсіздігі үшін 22 ай мерзімге қамауға алынуы тиіс болатын. Екінші шешім бойынша ол тиісті билік органдарына беріліп, өзінің активтері туралы ақпаратты жария етуі немесе банкпен шағым жасалған 6 млрд. АҚШ доллар көлеміндегі сегіз талап-арыз бойынша қорғау құқығынан айырылуы талап етілген болатын. Банк, сот дауларындағы аталмыш жетістік Әбілязовтың Банктен заңсыз шығарған активтерін қайтаруы туралы мәселенің шешілуін жеделдетеді деп сенеді. «Біз, Англияның Жоғарғы сотының Мұхтар Әбілязовқа қатысты шығарған шешімін қолдаймыз. Аталмыш шешім Әбілязовтың түрмеге қамалуы және өзінің активтері жайлы ақпаратты жария етуі немесе соттағы қорғау құқығынан айырылуы үшін оның Англияға қайтуын талап етеді. Соттың Әбілязовқа қатысты шешімі банктің сенімін нығайта түседі және заңсыз иеленген активтерді қайтарудың тиімді тәсілі болып табылады. Оған қосымша, біз, бұрынғыша осы үдеріске тәуелдіміз. Сондай-ақ, бұл 2009 жылдан бері банктің Әбілязовқа қарсы берген талап-арыздарында мазмұндалған алаяқтық туралы өтініштің заңдылығын растайды», - дейді Активтерді қайтару үдерісі үшін жауапты - Банктің Басқарушы директоры Павел Просянкин.      

Әбілязов  қамауға алу туралы Сот шешімін естігеннен кейін осы жылдың ақпанында Англиядан шығып кеткендігі белгілі. Осыдан кейін Банк, Соттың Әбілязовқа қатысты 2 шешім шығаруына қол жеткізді. Аталмыш шешімдер оның ағылшын билігіне берілуін және өзінің активтері жайлы ақпаратты жария етуін немесе сот үдерісіндегі қорғау құқығынан айырылуын талап етеді. Әбілязов аталған шешімдерге шағымданған болатын, бірақ Апелляциялық сот судья Тираның шешімдерін қолдады. Енді, Банк Әбілязовқа қатысты Сот шешімдерінің орындалуына қол жеткізуге, одан кейін Банк оның активтерін мәжбүрлі түрде өндіріп алуға кіріседі. Банктің  мәліметтері  бойынша, Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Әбілязов ұрлаған миллиард АҚШ доллар көлеміндегі активтерді қайтару мақсатында, Банк 2009 жылы Әбілязовпен сот дауларын бастады. 6 миллиардтан астам АҚШ долларын құрайтын талаптар осы сот процесін бұрын-соңды Сотта тыңдалмаған ірі алаяқтық әрекет ретінде жария етті.

6 қараша 2012, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.