Атырау, 29 қараша 09:41
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Көші-қон полициясының офицері қамауға алынды

2 922 просмотра

№2 Атырау қалалық соты ІІД көші-қон полициясы басқармасы көші-қонды бақылау жөніндегі бөлімнің бастығын қамауға алуға санкция берді. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 311-бабы, 2-бөлімі (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Атырау қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Алтынай МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, офицер 2012 жылдың 31 қазан күні Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті мен ІІД өзіндік қауіпсіздік бақармасының қызметкерлерінің бірлескен операциясы барысында ұсталған.

- Қазіргі күні қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды,- деп хабарлады А. Мұхтарова.  

Соның арасынша өзіміздің дереккөзімізден белгілі болғандай, пара беру Атырау облыстық «Цесна Банк» АҚ ғимаратында орын алған, осыдан кейін бөлім бастығы қылмыс үстінде қолға түскен.

Ол жеке өзі «LIGABUE CENTRAL ASIA» ЖШС әкімшісінен 150 мың теңге ақшаны шетелдік азаматтардың ҚР аумағына келуін тіркеу бойынша құжаттардың еш кедергісіз ресімделуі мен оларға жалпы қамқорлық көрсетуі үшін алған.

Лаура СУЛЕЙМЕНОВА

6 қараша 2012, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.