АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына 12 мың сарбаз аттандыру туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Осыған дейін Fox News телеарнасы Қорғаныс министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасап Пентагон Иранға қарсы тұру үшін Таяу Шығысқа қосымша жеті мың әскери борышын өтеушілерді жіберуі мүмкін екенін хабарлаған. Оның алдында Wall Street Journal газеті АҚШ-тың сол өңірге 14 мың сарбаз жіберуді қарастырып отырғанын жазған, алайда бұл ақпаратты Пентагон жоққа шығарды. АҚШ-тың қорғаныс министрінің орынбасары Джон Руд контингенттің көлемін ұлғайту мәселесі қаралып жатқанын растады. Алайда ол Таяу Шығыстағы қай елге баратынын айтпады. "Сауд Арабиясына 12 мың сарбаз аттанады деген бүгінгі ақпарат - жалған немесе нақтырақ айтар болсақ фейк жаңалық!", - деп жазды Трамп Twitter желісіндегі парақшасында.
Дереккөз: Tengrinews.kz