Атырау, 26 қараша 23:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Google-ды құрған Пейдж бен Брин қызметінен кетті

2 517 просмотра


Төрткүл дүниеге белгілі Google корпорациясының негізін салушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин Alphabet холдингіндегі қызметінен кетті.  

Осыған дейін Ларри Пейдж бас директор, Сергей Брин компания президенті еді. Бұдан былай алпауыт компанияны Google-дың бас директоры Сундар Пичаи басқарады. Ол бас директор болады, ал президент деген лауазым алынып тасталмақ. Google-дың іргесін қалаушылар енді Alphabet-те директорлар кеңесінің мүшесі, акционер ретінде компанияның дамуына қатысады. Пейдж бен Брин «егер компаниямыз  адам болса 2019 жылы 21 жасқа толатын еді. Бұл АҚШ-та толық кәмлетке толған адам саналады. Баламыздың ұясын тастап шығатын уақыты келді», – деді олар. Alphabet – Google-дың бас кеңсесі саналатынын айта кеткен жөн. АҚШ-та (Калифорния штатында) орналасқан Alphabet  холдингіне  Google және оған қарасты бірнеше еншілес компаниялар кіреді. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

6 желтоқсан 2019, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.