Атырау, 26 қараша 23:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Түркіменстан жемқорлардың үйлерін тәркілеп, балабақшаға айналдыруда

4 564 просмотра


Сондай-ақ, ол үйлер ІІМ, прокуратура, хәкімлік және өзге де органдардың пайдаланылуына беріледі.

Түркіменстанда бұрынғы ішкі істер министрі мен президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы сотталды. Исгендер Муликов пен Мейлис Нобатов ісі ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталып, сотталған, деп хабарлайды CA-NEWS (TM).

Ірі шенді жемқорлардың аса жайлы зәулім үйлері, қымбат көліктері, бағалы заттары мен бума-бума қолма-қол ақшасы табылды.

Тәркіленген байлықтың жалпы сомасы айтылмайды, бірақ президент Бердымухамедов "аталған тұлғалардың ұрлаған байлығы халықтың ақшасы болатын" деп, ІІМ қазіргі басшысына ол ақшаны банктегі арнайы шоттарға аударып, оған мектеп, аурухана, демалыс үйі, балабақша немесе халыққа баспана салуды тапсырды.

Мемлекет басшысы тәркіленген жайлы үйлер балабақшаға айналдырылсын немесе ІІМ, прокуратура, хәкімлік және өзге де органдардың пайдаланылуына берілсін деген бұйрық берді.

Дереккөз: Zakon.kz

6 желтоқсан 2019, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.