Атырау, 26 қараша 23:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Лукашенко: Беларусь Ресейдің көмегіне мұқтаж емес

2 700 просмотра


Беларусь президенті Александр Лукашенко Беларусь Республикасы ешқашан басқа мемлекеттің, тіпті Ресейдің құрамына кірмейді. Бұл туралы Александр Лукашенко парламент өкілдерімен кездесуде мәлімдеді.

БелТА агенттігі жариялаған мәлімдемеде Лукашенко: «Ең бастысы, Ресей Федерациясы-біздің стратегиялық әріптесіміз. Бұл экономикалық, саяси және әскери салалардағы серіктес дегенді білдіреді. 

Ал мемлекетіміз Ресей құрамына кірмейді», – деді. Сонымен қатар, Беларусь өз мүмкіндіктері мен ресурстарына ғана сүйеніп, Ресейден қаржылай қолдауды сұрамайтынын атап өткен Лукашенко: «Еуразиялық банктің (Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры) басшысына ескерттім. Қаржы министріне бұл ақшаны алуға тыйым салдым. Біз өз күшімізге сенеміз, мәселелерді қарызсыз шешеміз», – деді. 

Екі ел арасында мұнай тасымалдау жөнінде мәселелер әлі шешімін тапқан жоқ. Осыған дейін Лукашенко Ресей мұнайының сапасыз екенін айтып, өтемақы талап еткен. 

Ол сөзінде: «Ресейлік мұнай құбыр желісінен өте көп көлемде шығын келді. Мұнай құбырындағы жабдықтардың өзіне және мұнай өңдеу зауытына келген шығын орасан. Біз кірістің белгілі бір бөлігін ала алмадық, валюталық түсім, көп ақшадан айрылдық. Біздің елге келген залал көлемі жүздеген миллион доллар. Үлкен сома. Мәскеуден өтемақы талап етеміз және Ресей бұл шешмімен дауласпайды деген сенімдемін», – деді. 

Айта кетейік, Беларусь Ресейден мұнай өнімдерін сатып алып, экспорттап келген. Биыл Ресей өзіне қауіп болған экономикалық дағдарысты еңсеру үшін, мұнай бағасын өсіру туралы шешім шығарды. Яғни Мәскеу тарапы 2024 жылы Беларусь импорттайтын мұнайға баж салығын салатынын айтты. Осы мәлімдемеден кейін Минск пен Мәскеу қатынасына сызат түсе бастады.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

6 желтоқсан 2019, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.