Атырау, 21 желтоқсан 20:08
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қырғызстанда қираған әжетхананың иесі мен шенеуніктерге қарсы қылмыстық іс қозғалды

1 775 просмотра

Бішкектегі қираған әжетхана ғимаратыҚырғызстанның Бас прокуратурасы өткен демалыс күндері 4 адамның қазасына себеп болған әжетхананың құрылысы кезінде олқылықтардың болғанын анықтады, деп хабарлайды агентство АКИpress агенттігі.

3-қараша күні 4 адамды басып қалып, өліміне себеп болған қоғамдық әжетхана «Сәулет және қала құрылысы» туралы Заң талаптарын сақтамай, тиісті құрылыс жобасынсыз, құрылыс нормаларынан тыс және мемлекеттік сараптаусыз салынған. Мұнымен қоса, құрылыс жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік органдар тарапынан рұқсат болмаған. Бұл туралы 6-қарашада Қырғызстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство деректері бойынша, жоғарыда айтылған заң бұзушылықтарға қарамастан, Қара-Су ауданының ғимараттар мен имараттарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы аталмыш құрылысты пайдалануға келісім беру туралы шешім қабылдаған. Алдын-ала тергеу нәтижелері бойынша аталмыш қоғамдық әжетхананың Қара-Су ауданының тұрғынына тиесілі екендігі анықталды.

Қара-Су ауданының прокуратурасы 3 қарашада ОШ облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау, Қара-Су ауданы сәулет және қала құрылысы басқармасы және Қара-Су ауданы мемлекеттік әкімшілігінің лауазымдық тұлғаларына, сондай-ақ әжетхана иесіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылғы 3 қарашада «Туратали» базарының аумағында орналасқан әжетхананың ішкі құрылымдардың –темір бетонды төбесі мен еденінің опырылып түсуі нәтижесінде 4 адам қаза тауып, 11 адам әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген болатын.

Дереккөз: bnews.kz

6 қараша 2012, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.