Атырау, 19 қараша 01:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Қателігі үшін жауап береді-2

1 785 просмотра

5 қарашада Атырау облыстық соты Асхат САЛАУАТОВТЫҢ ісі бойынша қалалық соттың бұрынғы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Естеріңізге салсақ, сәби облыстық балалар ауруханасында емделгеннен кейін мүгедек боп қалған еді.

«АЖ» бұл оқиға туралы жазған болатын. Сәби мойнындағы лимфа түйіні қабынып ауруханаға түскен. Асхатқа үш мәрте ота жасалды, алайда оның жағдайы жақсармай, жүруді қойған. Анасы ұлының оң жақ аяғы сол жақ аяғына қарағанда салқындау екенін әрі аз қозғалатынын байқаған. Ауруханадан шыққаннан кейін Атыраудағы жеке емхананың невропатологы (инъекциялық) зақым алудан кейінгі оң жақ құйымшақ жүйкесінің нейропатиясы деген диагноз қойды. Яғни, бұлшықетішілік дәрі егу кезінде жүйке зақымдалған.

Астраханда құйымшақ жүйкесі зақымдалғандығы туралы диагноз расталды. ҚР ДМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстық департаменті де осы диагнозды құптады. Бірінші сот инстанциясының шешімімен жауапкерлер (аурухана мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы) сәбиді емдеуге байланысты материалдық залал, моралдық зиян және жоғалған пайда үшін 1,7 млн теңге төлеуі тиіс болатын.

Апелляциялық арызда және сотта жауапкердің (облыстық аурухананың) адвокаттары Асхаттың ата-анасының арызы бойынша жүргізілген Бақылау комитетінің тексеру нәтижелеріне күмән келтірді. Тексеру жұмысын Атыраудағы балаларды оңалту орталығына 12 жыл басшылық етіп келе жатқан балалар невропатологы, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрлан ҚҰРАҚОВ жүргізген болатын. Мықты салалық ынтымақтастықпен ерекшеленетін дәрігерлерге тән емес әрекетпен, облыстық аурухананың дәрігерлері мен олардың адвокаттары бірауыздан осы сарапшының беделін түсіруге тырысып, оның тексеру құқығы (оның қажет екенін Комитет өкілі растай алмады) және біліктілігі жоқ деп айыптады. Сотта қатарынан екі бірдей дәрігер, олардың пікірінше, бірдей салмақты дәйек келтірді. Егер құйымшақ жүйкесіне екпе инесі тигенде барлық пациенттер мүгедек боп қалатын болса, еліміздегі халықтың жартысы мүгедектік алар еді десті.

Облыстық сот қалалық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Ал жаңа ережеге сәйкес, шешім заңды күшіне сол күні енеді. Алайда жауапкерлердің сот шешімін қайта қарау немесе қадағалау тәртібімен шағымдануға құқығы бар, - деп комментарий берді Салауатовтардың адвокаты Гүлсім САБИРОВА.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

6 қараша 2012, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.