Атырау, 26 желтоқсан 13:00
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар Кеңесінің басшысы ауысты

2 370 просмотра

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен Қордың Директорлар Кеңесінің төрағасы болып Дәурен Мақажанов тағайындалды деп хабарлайды сейсенбіде қордың баспасөз қызметі.

««Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен Қордың Директорлар Кеңесінің төрағасы болып Дәурен Мақажанов тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Мақажанов Дәурен Сәбитұлы 1980 жылғы 19 наурызда Оңтүстік-Қазақстан облысының Кентау қаласында туған.

Солтүстік-Қазақстан Мемлекеттік Университетін, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау Университетінің магистратурасын бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Әртүрлі жылдары Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде қызмет атқарды: Петропавл қаласындағы «Қазкоммерцбанк» АҚ филиалында; Алматы қаласында «АТФ Банк» АҚ; Астана қаласында «Альянс Банк» АҚ. 2012 жылға дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. 2012 жылғы қазаннан бастап – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.

Дереккөз: newskaz.kz

6 қараша 2012, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.