Мексикада «Үлкен жиырма» мемлекеттерінің қаржы министрлері Еуропадағы қаржы дағдарысынан және әлемдік экономика қарқынының баяулауынан қауіптенеді.
Бұл жөнінде Мексикадағы «Үлкен жиырма»-ның қаржы министрлері мен Орталық банк төрағаларының конференциясында айтылды. Келіссөзде АҚШ-тың экономикалық жағдайын талқылады. Мәселен, АҚШ-тың экономикасы құлдырап кетсе, әлемдік экономикаға залалы тиеді. Сонымен қатар, саммитте Еуропа елдерін қарыз құрдымынан құтқару мақсатында қосымша шаралары ойластырылады. Сарапшылардың айтуынша, келер жылы бюджет шығынын 600 млрд АҚШ долларына қысқартуға АҚШ Конгресі келісетін болса, әлемдік экономикада ірі рецессия басталады.
Дереккөз: 24.kz