2007 жылы L'Oreal компаниясынан ақшалай көмек алғаны алға тартылды.
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 2007 жылғы сайлау кампаниясында косметика алпауыты L'Oreal–дің басшысы Лилиан Беттенкурттан заңсыз ақшалай көмек алғаны жөніндегі айыптауларға байланысты бір апта ішінде түсініктеме береді.
Europe1 радио арнасы криминалдық хабар көздеріне сүйеніп берген хабарында Саркозидің аталмыш айыптауларға байланысты апта ішінде Бордо сотына түсініктеме беретінін хабарлады.
2007 жылғы сайлау кампаниясының заңсыз ақшалай көмектермен жүргізілгені жөніндегі айыптауларды тексерген прокурордың нұсқауы бойынша Саркозидің үйі мен кеңсесі тінтілген болатын.
Саркози бұдан бұрын заңсыз түрде аталмыш компаниядан қаржылай көмек алмағанын алға тартқан еді.
Француз баспасөзі Саркозидің Ливияның төңкерілген басшысы Муаммар Каддафиден де сайлау үшін ақша алғанын алға тартқан болатын.
Дереккөз: trtkazakh.com