Атырау, 26 желтоқсан 12:52
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Тони Блэр Қазақстан ақылшысы

2 450 просмотра

Қазақстан үкіметі Тони Блэрға 16 миллион стерлинг жалақы төлейді.

Ұлыбританияның бұрынғы Бас министрі Тони Блэрдің Қазақстан үкіметімен жасасқан келісімі тағы бір жылға ұзартылды.

Тони Блэрға берілетін жалақы өткен жылғыдан екі есе арттырылып, 16 миллион стерлингке көтерілді.

Әлемдегі ең танымал саясат қайраткерлерінің бірі Тони Блэр бір жылдан астам уақыттан бері Қазақстанға саясат, экономика және сот реформаларын атқару процесінде ақылшылық қызметін беруде.

Тони Блэрдің мемлекеттік тендерлер жүйесінде үйлестіру және заңға өзгерістер енгізуге байланысты тақырыптарда Қазақстанға ақылшылық жасағаны білдірілуде.

Ағылшын саясаткердің ақылшылық қызметтерінен Ливия көшбасшысы Муаммар Каддафи де пайдаланған болатын. Каддафидің Тони Блэрге қанша жалақы төлегені анық емес.

Дереккөз: trtkazakh.com

6 қараша 2012, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.