Атырау, 26 желтоқсан 13:15
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Оралда белгісіз газден 30-дан астам студент уланды

1 887 просмотра

Оралда бүгін түнгі сағат 01.18-де М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің 5 қабатты жатақханасында тұратын 31 студент белгісіз газды затпен уланғандығын айтып, медициналық көмекке жүгінді.

Олардың арасында 10 адам - 18 және 17 жастағы бойжеткендер ауруханаға жеткізілді. Төтенше орын алған жерге Батыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД-нің 18 адамы мен 4 техникасы шықты. Құтқарушылар келгенге дейін жатақхананың қызметкерлері 400 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Олар бөлменің ауасын желдетіп, тазартқаннан кейін тұрғын жайларына қайта оралды.

Дереккөз: inform.kz

6 қараша 2012, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.