Атырау, 8 шілде 14:21
 дождьВ Атырау +26.2
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17

Ауғанстанда «Талибан» қолбасшыларының бірі оққа ұшты

2 061 рет қаралды


Ауғанстанда «Талибан» ұйымын басқарған командирлердің бірі Мавлави Нуриддин оққа ұшты. Бұл туралы Ауғанстан ұлттық армиясы 209-ротасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақпаратқа сәйкес, Мингаджик уезінде болған қарулы қақтығыс кезінде командирден бөлек тағы бес содыр қаза тапқан. Сондай-ақ «Талибанның» тағы жеті мүшесі жараланған. Адам шығынына ұшыраған талибтер шайқас алаңын тастап, кері шегінуге мәжбүр болды.


Дереккөз: 24.kz 

1 желтоқсан 2019, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.