Қырғызстанның экс-президенті Алмабек Атамбаев тағы бір қылмысқа қатысы бар деп күдіктенді, - деп хабарлайды 24.kg.
Адвокат Сергей Слесаревтың сөзінше, қырғыз ІІМ тергеуге кедергі келтіріп жатыр екен. Мәселе бұрынғы президенттің Азиз Батукаевқа қатысты тергеуге келмей қоған кезінде туындаған. "Оған күдікті ретінде хабарландыру келді. Ресми айып тек бір мәселе бойынша: Азиз Батукаевқа қатысты ғана тағылған. Бірақ, айтқанымдай, тергеушілерде Алмазбек Атамбаевтың кінәсін дәлелдейтін айғақ жоқ. Бұл бойынша басқа да істер секілді өтірік құжат жасалған", - дейді адвокат.
Адвокаттың сөзінше, келесі сот отырысы 6 желтоқсанға жоспарланған. Алмазбек Атамбаевты енді сотқа шақырмау үшін өтініш жазған. Себебі Атамбаев сот процесіне қатысудан бас тартқан көрінеді. Азиз Батукаевты заңсыз босату жайлы іс 2019 жылдың қаңтарында қайта қозғалған. Іс қазанда сотқа жіберілген. Іс бойынша 19 күдікті бар. Олар сотталушыға диагноз қойған дәрігер мен зертхана қызметкерлері мен басқа да жоғары шенді басшылар да бар. Сонымен қатар, Қырғызстанның экс-басшысы Алмазбек Атамбаев та күдікті ретінде шақырылған.
Дерккөз: Tengrinews.kz