28 қарашада Құлсары қаласында тұратын 13 жастағы жасөспірім қыз өз үйінің гаражында асылған күйде табылды.
- Оқиға түнде болған, оны анасы тауып алыпты. Қыздың не себептен суицидке барғаны белгісіз, бойынан оғаш қылық байқалмаған, мектепте жақсы мінезімен танылған, толыққанды отбасынан шыққан, - дейді Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы Айбарша ҚАҚПАНБАЕВА. - Ешқандай хат та қалдырмапты, тек, неге екені белгісіз, ұялы телефондағы барлық жазбаларды өшіріп тастаған. Телефонды сараптамаға әкетті.
- Жуырда облыстық әкімдікте болған жиналыста әлеуметтік желіде оқушыларды суицидке жетелейтін түрлі ойындар қайта басталғаны туралы айтылған еді. Мұнымен байланысы жоқ па?
- Аудандық полиция бөлімі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Қазір нақты ештеңе айта алмаймын.
Айта кету керек, Жылыой ауданында 2017-18 оқу жылында 5 оқушы өзін-өзі өлтірсе, 2 оқушыны аман алып қалу мүмкін болған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА