Атырау, 26 шілде 15:16
 дождьВ Атырау +38.8
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

Астрахан трассасында болған жол апатынан 12 адам зардап шекті

5 482 рет қаралды


28 қараша түнінде Ақтөбе-Атырау-Астрахан трассасында қайғылы оқиға болды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сағат 23:30-да Исатай ауданының Манаш елді мекенінің маңында «Toyota Ipsum» маркалы екі автокөлік бетпе-бет соғысқан.  Апаттан кейін Аққыстау аудандық ауруханасына медициналық көмек алу үшін 12 адам  жеткізіліп, дәрігерлер тексергеннен кейін 10 адам үйлеріне қайтарылған. 1 адам дәрігерлердің  бақылауында, 1 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда.

- Жол-көлік оқиғасы қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатқан 743-шақырымда орын алды. Барлық қажетті жол белгілері орнатылған, - деп хабарлайды жол қызметкерлері.


29 қараша 2019, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.