Атырау, 26 қараша 23:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Прокурорлар Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрлерін ұзақ жылға соттауды сұрады

1 993 просмотра


Қырғызстанда "жемқорлық жасады" деп айыпталған шенеуніктер сотында айыптау тарабы оларға 7,5 жыл мен 17 жыл аралығында жаза сұрады.

27 қарашада Бішкектің Свердлов аудандық сотында өткен отырыста прокурорлар бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков пен Жанторо Сатыбалдиевті 15 жылға және 11 жыл үш айға соттауды сұрады. Бұл екеуін де "экс-президент Алмазбек Атамбаевтың жақын серіктері" деп атайды.

Прокурорлар ұлттық энергетика холдингінің бұрынғы басшысы Айбек Калиевті - 17 жылға, бұрынғы қаржы министрі Ольга Лаврованы 7,5 жылға соттауды сұрады. "Электр станциялары" компаниясының бұрынғы бас директоры Салайдин Авазов және оның қоластында істеген Жолдошбек Назаров пен Темрлан Бримкуловқа 11 жыл үш ай жаза сұрады.

Айыптау актісінде, 2013 жылы Бішкек жылу электр станциясын модернизациялауға мердігер компания таңдаған кезде айыпталушылар "өкілетін асыра пайдаланып", Қытай компаниясының мүддесін қорғап, мемлекетке зиян келтірген. Айыпталушылар айыпты жоққа шығарып, істің саяси астары бар деп санайды.

Дереккөз: Азаттық радиосы


29 қараша 2019, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.