Атырау, 24 сәуір 22:59
 ашықВ Атырау +21
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Дональд Трамп боксшы образындағы суретін жариялады

2 165 просмотра


АҚШ президенті Twitter желісіндегі парақшасында боксшы кейпіндегі фотосуретін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Фотода Трамп жартылай жалаңаштанған, қолғап, көк шолақ шалбар және чемпион белбеуін киген. Алайда Трамп бұл суретті неліктен жариялағанын түсіндірмеген.  Бұған дейін 73 жастағы АҚШ президенті оның денсаулығына қатысты БАҚ беттеріндегі хабарламаларға наразы екенін айтқан. Трамп қарашаның ортасында аяқ астынан Вашингтон маңындағы әскери госпитальға барған болатын. Артынша қауесет тарап кеткен. 

Ақ үй мәліметінше, Трамп кезекті тексерістен өткен.  Трамптың сөзінше, ол БАҚ беттеріндегі жаңалықтарда көбіне оның жүрегі ұстап қалғаны жазылған. Кезекті тексеріс нәтижелері бойынша президенттің денсаулығы оның артық салмағы бар екеніне қарамастан жақсы.  

Дереккөз: Tengrinews.kz


28 қараша 2019, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.