Атырау, 26 қараша 23:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Трамп Гонконгтағы демократия және адам құқығы туралы заңға қол қойды

2 426 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп Гонконгтағы демократия және адам құқығы туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осыған дейін АҚШ Конгресінің екі палатасы мақұлдаған заңнамалық бастама АҚШ әкімшілігінен ҚХР-ның осы арнайы әкімшілік аймағындағы жағдай туралы заң шығарушыларға үнемі есеп беріп отыруды талап етеді. Заңға сәйкес, Гонконгта адам құқығын бұзғандарға санкция салынады. Қытай билігі жобасына қатысты АҚШ-қа қарсылық білдірген. Сонымен қатар, америкалық көшбасшы демонстранттарды тарату үшін АҚШ техиникаларын жергілікті құқық қорғау органдарының пайдаланбауы үшін «Америка Құрама Штаттарынан Гонконгқа полицияның арнайы техникасын әкетуге тыйым салу туралы» заңға қол қойды. Трамп мәлімдемесінде: «Мен бұл заңдарға ҚХР төрағасы Ши Жиңпиңге ескерту ретінде және Гонконг тұрғындарына құрметпен қол қойдым. Қытай мен Гонконгтың басшылары, өкілдері келіспеушіліктерді бейбіт түрде шешуі тиіс. Аталған заңдар Гонконгтағы бейбітшілік пен өркендеуге әкеледі деген үмітпен енгізілді», — деді. 

Гонконг шаһарындағы наразылық шаралары бастапқыда гонконгтік азаматтарды экстрадициялау туралы заң жобасына қарсылықтан басталғанымен, соңғы кездері наразы топ Гонконг қаласының дербестігі туралы да ұрандар көтере бастады. 16 маусымда 2 миллионға жуық адам наразылық шеруіне шыққан еді. Бұл ел тарихында болмаған массалық наразылық акциясы. 

Айта кетейік, 25 қарашада Гонконгтың 18 аймағында өткен сайлауда оппозиция өкілдері айқын жеңіске жетті. Дауыстарды алдын-ала санау нәтижелері бойынша демократия үшін күрес жүргізген топ яғни оппозиция өкілдері 452 орынның 396-ына ие болған (шамамен 90%). 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

28 қараша 2019, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.