Атырау, 29 наурыз 07:25
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Иран ядролық келісімі қайталай талқылануы мүмкін

2 302 просмотра


Иран мен ядролық келісімге қол қойған елдер арасында 2015 жылы жасасқан келісім ("Ортақ қадам" келісімі деп те аталады туралы талқы отырысын өткізбек. 

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иран өкілі келісімге қол қойған елдер арасындағы талқы 6 желтоқсанда өтетінін мәлімдеді.  Иран мен 6 ел (АҚШ, Британия, Франция, Германия, Ресей және Қытай) арасында аталған келісім 2015 жылы жасалған. Бұл Иранның ядролық қаруға ие болуына тосқауыл қойып, бейбіт мақсатта атом энергиясын пайдалануына бақылау жүргізу мақсатындағы келісім. Алайда, АҚШ билігіне Дональд Трамп келгеннен кейін Иранмен жасасқан келісімді жарамсыз деп тапты. Былтыр маусым айында АҚШ келісімнен біржақты шығып кетті және Иранға бағытталған экономикалық санкцияларды қалпына келтірді. Бұл келісім туралы дау-дамай әлі де басылар емес. Иран мен АҚШ арасында 2015 жылғы келісімге ұқсамаған көзқарастар бар. Екі ел қайшылығының да негізгі себептерінің бірі осы ядролық келісім мәселесі. АҚШ келісімнен бір жақты бас тартқанымен, Еуропалық лидерлер және Ресей мен Қытай келісімде қалды. Алайда, Иран еуропалық үш елді келісімдегі міндетін орындамай келеді деп айыптаған еді. 

Осыдан бұрын, яғни биыл 28 маусымда Британия, Франция және Германия Иранмен жасасқан келісімді талқылау отырысын өткізген болатын. Сол реткі талқылаудан кейін де Иран өзінің уран байыту мөлшерін қатарынан бірнеше рет жоғарылатып, келісімді сақтамаған өзге елдер үшін ескерту жасаған болатын. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

27 қараша 2019, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.