Украина Мемлекеттік тергеу бюросы (ГБР) экс-президент Петр Порошенконың қатысы бар 13 қылмыстық істің тізімін жариялады.
Мемлекеттік тергеу бюросының мәліметі бойынша тексеру жұмыстары президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Виктор Януковичтің көмекшісі болған Андрей Портновтың өтініші бойынша басталған. Істі бастауға 2018 жылдың 25 қарашасында Украинаның әскери теңіз күші Қара теңізден Азов теңізіне өтуі түрткі болған. Ал орталық аппараттың тергеушілері сотқа дейінгі тергеу басталғанын және біріңғай реестрге тіркелгенін растады. ГБР-дің хабарлауынша, бұрынғы президент жауап алуға үш рет келген.
22 мамырда Порошенконың үстінен мемлекетке сатқындық жасады және өз лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылып, қылмыстық тексеру басталған еді. Бұған қатысты ресми мәлімдеме жасаған Порошенко мен оның адвокаты экс-президентке қарсы іс саяси қудалау және мемлекет қайраткері ретінде оның қызметіне заңсыз араласу деп отыр.
Дереккөз: Qazaqtimes.com