Атырау, 23 қараша 21:53
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бір баппен екі іс

5 171 просмотра


№2 Атырау қалалық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бір күнде екі қылмыстық іс қаралды. 36 жастағы Өзбекстан азаматы мен 33 жастағы Атырау тұрғыны кезекпен айыптау орындығына отырды. Екеуі де сот отырысына дейін бірнеше күн уақытша ұстау изоляторында болды.

Екеуі де ұқсас жағдайда ұсталған: олар мас күйде көлік жүргізгені үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылса да, қайтадан мас күйде көлікке отырған. Сот екеуіне де 50 АЕК (126 мың 250 теңге) көлемінде айыппұл тағайындады. Салыстырмалы түрде бұл жаза жеңіл: 346-бап бойынша 500 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 90 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Естеріңізге салсақ, 21-23 қарашада Атырауда «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында мас күйде көлік жүргізген 13 жүргізуші ұсталған болатын.

Фархат ӘБІЛОВ

27 қараша 2019, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.