Атырау, 26 қараша 23:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Түркия ресейлік С-400 зениттік зымырандарын сынақтан өткізбек

2 095 просмотра


Түркия қарулы күштері ресейлік С-400 зениттік зымыран жүйелерінің радиолокациялық жүйелерін сынауды бастамақ. Бұл туралы CNN Turk телеарнасы хабарлады. 

Телеарна мәліметтері бойынша, тест сынақтары аптаның бірінші күні басталады және Анкараға жақын жерде өткізіледі. Ол үшін ауаға әр түрлі әуе кемелері, соның ішінде F-16 жойғыштар көтеріледі. Түрік мамандары ЗРС мен ұшақтардың арасында байланыс орнатуын тексермек. Арнайы сынақ үшін Мюртед авиабазасы іске қосылған. 2017 жылдың қыркүйегінде Ресей Түркиямен құны $2,5 млрд болатын С-400 зениттік зымыран жүйелеріне байланысты келісімшартқа қол қойды. Жоспар бойынша зымырандардың бірінші бөлігі шілдеде жеткізілді. АҚШ пен НАТО Түркияның ресейлік зымырандарды сатып алуына түбегейлі қарсы. Уашингтон «Ресей қаруын Түркия аумағына орналастыру НАТО стандарттарына қайшы келеді» деп есептейді. Мұның алдында Ердоған өз шешімінен бас тартпайтынын мәлімдеген. 

13 қарашада Дональд Трамп пен Режеп Тайып Ердоған Уашингтонда ресми кездесу ұйымдастырды. Трамп әкімшілігі Ердоғанға ресейлік С-400 зымырандарын пайдаланбауды талап етіп, оның орнына америкалық F-35 байланыс және қорғау құралдарын ұсынған. Егер Анкара Уашингтонның ұсынысына келіссе, F-35 көп мақсатты жойғыштарды құру бағдарламасына қайта оралып, рестрикциядан құтыла алады. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

26 қараша 2019, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.