Атырау, 29 наурыз 03:59
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Миллион жүлде Атырауда қалды

Сурет
5 694 просмотра

18-22 қараша күндері Атырауда жазушы-драматург Рахымжан ОТАРБАЕВ атындағы халықаралық театрлар фестивалі өтті. Асанәлі ӘШІМОВ бастаған әділ қазылар алқасы бас жүлде мен 1 млн теңге сыйлықты Р.Отарбаевтың «Жалғыздық» әңгімесіне қойылған спектаклі үшін Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрына берді.  

Атырауда үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылған театрлар фестиваліне еліміздің 9 өңірінен (Астана, Түкістан, Жетісай, Шымкент қалалық театрлары мен Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола, Қарағанды облыстық) театрлар ұжымы қатысқан болатын. Барлық қойылымдар Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында сахналанды.

Фестивальдің ашылуында Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ  театр ұжымдарына сәттілік тілеп, фестивальге арнайы келіп қатысып отырған Рахымжан Отарбаевтың туыстарына ризашылығын білдірді. 

- Рахымжан проза мен драматургияда өз орнын тапқан адам. Ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан оның талантын өзге елдер де мойындап, шығармалары бірнеше әлем тілдеріне аударылды, - деп атап өтті өңір басшысы.

Бірінші орынды «Әміре» драмасын қойған Астана қалалық Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыка драма театры (800 мың теңге) еншілесе, екінші орынды Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры және Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры (әрқайсысы 600 мың теңгеден) жеңіп алды.  Жүлделі үшінші орын Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры мен Түркістан қалалық Р.Сейтметов атындағы сазды драма театрына (әрқайсысы 400 мың теңгеден) бұйырды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

26 қараша 2019, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.