Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

«Атырау» монетасы шығарылды

2 743 просмотра

2 қарашада ҚР Ұлттық банкі «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан 50 теңгелік «Атырау» ескерткіш монетасын айналысқа шығарды.

Монеталардың бет жағында  «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында Атырау қаласының таңбасы бейнеленген. Монеталар «нейзильбер» (никель қосылған мыс) қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм. Атырау қаласының төлтаңбасы бейнеленген монетаның 50 мың данасы шығарылған. Ұлттық банк Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімінің бастығы Мүслима САҒЫНДЫҚОВАНЫҢ айтуынша, 5 қарашадан бастап монетаны номиналдық баға бойынша филиалдан алуға болады екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 қараша 2012, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.