Ұлыбританиялық полиция дүйсенбіде 39 вьетнамдықтың мәйіті бойынша іске қатысты тағы бір күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Басылым мәліметінше, Эссекс полицейлері дүйсенбіде Пурфлит қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады. "Пурфлит тұрғыны 25 қарашада құрықталды. Күдіктіге абайсызда адам өлтірді, адамдарды заңсыз тасымалдау жайлы келісім жасағады және 39 вьетнамдықтың қайтыс болуына байланысты жүргізілген тергеу аясында заңсыз иммиграция жүргізді деп айып тағылып отыр", - делінген жергілікті полиция басқармасының Twitter желісіндегі парақшасында. Полиция өкілдерінің мәліметінше, күдікті бүгінде тергеу амалдары аясында қамауда отыр. Еске салайық, биыл 23 қазанда Ұлыбританияның Эссекс графтығында жүк көлігінен 39 адамның мәйіті табылған. Оның сегізі - әйел адам болса, қалған 31-і ер адам екені анықталған. Оқиға бойынша жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі Солтүстік Ирландиялық Мо Робинсон адам өлтірді деген күдікпен ұсталған. 39 адамның мәйіті. Еуропа жұртының жағасын ұстатқан оқиғаның мән-жайы
Дереккөз: Tengrinews.kz