Атырау, 16 қаңтар 23:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Жатақханадағы өрт

2 690 просмотра

1 қарашада Сәтпаев көшесіндегі 4 «б» мекен-жайындағы Қ. Дүтбаева атындағы колледж жатақханасында өрт болды.

ТЖД өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы Жанар ҚАРЖАУБАЕВАНЫҢ айтуынша, диспетчер тетігіне сағат 23.34-те қоңырау түскен. Құтқарушылар оқиға болған жерге 8 минут өткеннен кейін жеткен. Өртті сағат 23.57-де ауыздықтап, 00.11-де сөндіріпті.

40 адам қауіпсіз жерге көшірілді, солардың ішінде 4 сәби де бар. Бағына қарай, құрбан болғандар жоқ. Өртті сөндіруге және адамдарды құтқаруға 4 бірлік өрт сөндіру техникасы, автосаты, жеке құрамдағы 15 адам, сондай-ақ, «Атырау-Жарық» АҚ, «ОблТрансГаз» КМК апат бригадалары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Анастасия ПАСТУХОВА

2 қараша 2012, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.