Румынияның қазіргі президенті Клаус Йоханнис мемлекет басшысы сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетті. Экзит-полл мәліметінше, оған сайлаушылардың үштен екі бөлігі дауыс берген. Жексенбі күні өткен сайлауға дауыс беруге қатысқандар саны 50%-ға да жеткен жоқ, деп хабарлады Еuronews.com.
Осылайша, Йоханнис екінші рет бес жыл мерзімге сайланды. «Румындар заманауи мемлекетті, еуропалық Румынияны таңдады», - деп мәлімдеді ол. Президент дауыс берудің алдында елді 30 жыл бойы басқарған социал-демократтардың билік етуін тоқтатуға шақырды.
Йоханнис оларды «Румынияны еуропалық жолдан тайдыруға» ұмтылып жатыр деп айыптады. Мемлекет басшысының екінші кезеңдегі қарсыласы, экс-премьер Виорика Дэнчилэ «құқықтар мен бостандықтар болмаған кезде және барлық билік бір адамның қолында болған» уақытқа қайта оралуға қарсы дауыс бергенін атап өтті.
Дереккөз: Inform.kz