Бүгін, 25 қарашада, таңғы 8-де Сатыбалдиев көшесінде 60 жастағы Kia Rio жүргізушісі жаяу жүргіншіні - 24 жастағы қызды қағып кетті.
- Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші сау болған. ЖКО себептері анықталуда, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «АЖ»-ға белгілі болғандай, дәрігерлер қызға бассүйек миы ашық жарақаттанған және бірнеше жері сынған деген диагноз қойды.
Сатыбалдиев көшесі қайта жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жақында ашылды. Қайта жөндеу кезінде көшедегі жарық шамдары алынып тасталды, жаңалары әлі орнатылмаған. Айтпақшы, бұл көшеде №10 орта мектеп орналасқан.
Фархат ӘБІЛОВ
Әлеуметтік желілерден алынған бейнежазба