Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Теңіз вахталық поселкесінде қаржы полициясының қызметкерлері мен ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Жылыой АІІБ полициясының кезекші бөлімінің көмекшісін ұстады. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмағаны үшін азамат Н-дан 30,6 мың теңге алған. Полицей сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ