Атырау, 26 қараша 23:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

"Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан" теміржолының жоспарына Ресей 200 млн рубль бөлген

2 683 просмотра

Қырғызстан - Өзбекстан теміржолы. Көрнекі сурет.

Қытай – Қырғызстан - Өзбекстан" теміржолының техникалық экономикалық негіздемесі дайын. Бұл ақпаратты Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қоғамдық телеарнаға берген сұқбатында айтты.

Қырғыз президентінің сөзінше, теміржолдың ТЭН-ін дайындауға Ресей 200 миллион рубль берген.

- Саяси шешім қабылданды. Сараптама топтары жұмыс істеп отыр. Қытай жағы келісім берді. Қытайға екі рет барғанымда осы мәселе бойынша келіссөз өткіздім. Ресей президентімен де келіссөз өтті,- деді Сооронбай Жээнбеков.

"Қытай – Қырғызстан, - Өзбекстан" теміржолын салу туралы бастама 2000 жылдардың басынан бері айтылып келгенімен, жүзеге аспаған. 2002 жылы Пекин болашақ теміржол тармағының ТЭН-ін жасап, бағытын анықтаған. Бұл бағыт бойынша теміржол Торугарт асуы арқылы Арпа жайлауынан өтіп, әрі қарай Өзген ауданынан Қара-Суу қаласына барып, сол жерден Өзбекстанға шығуы тиіс. Жалпы ұзындығы 268 км болады.

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев билікке келген соң "Қытай – Қырғызстан - Өзбекстан" бағытының орнына "Тәжікстан – Қырғызстан – Қазақстан – Ресей" тармағын салуды ұсынған. Бұл идеяны ешкім қолдамаған соң Қырғызстан билігі "Қытай – Қырғызстан - Өзбекстан" жобасына қайта оралып, жаңа бағыт ұсынған.

2017 жылы үш жақты жұмыс тобы құрылып, темржолдың үш нұсқасы қарастырылғаны туралы ақпарат тараған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

25 қараша 2019, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.